Қазақ киносының анасы атты
№11 Талдыарал ауылдық кітапханасында биылғы мерейтой иелері қазақ кино өнерінң майталман жұлдыздары Әмина Өмірзақова мен Сәбира Майқановаға арналып «Қазақ киносының анасы атты» өнер сағаты болып өтті. Өнер иелерінің өнегелі өмір жолдарымен шығармашылығы таныстырылып, кітаптар насихатталды. Қазақ кино және театр өнерінде әйел бейнесін шынайы сомдаған өнер қайраткелері жайлы естеліктері, әртүрлі бейнедегі суреттері көрсетілді. Сәбира Майқанова, Әмина Өмірзақова апаларымыз күллі халықтың сүйіспеншілігіне бөлініп, көрерменіне асқан жылылық пен аналық махаббат сыйлады.







