Сергектік сыйы-спорт
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапхана жас оқырмандардың дене шынықтыру мен спортқа, салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға үйрету мақсатында «Сергектік сыйы-спорт»-атты салауат сағатын ұйымдастырды. Шара барысында Спорт мектебінің жас оқырмандары спорттың адам денесін шынықтырудағы пайдасы туралы көптеген пайдалы мәліметтер алып,әртүрлі спорт түрінен жаттығулар жасады. «Спорт-денсаулық кепілі»-атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерден спорт түрлерімен қатар қазақ елінің атақты спортшыларының өмірбаянымен танысты.







