Балалар әдебиетінің атасы

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада  «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында  балалар әдебиетінің классигі,  көрнекті қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына – 100 жылдығына орай  «Балалар әдебиетінің атасы» атты  әдеби кеш  №271 мектеп оқушыларының  қатысуымен өткізілді.
  Конференция  барысында балаларға қазақ әдебиетіне  өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген жазушының шығармашылығы  мен өмір жолы таныстырылып, сұрақтар қойылып, оқырмандар жазушы туралы мол мағлұмат алды. Оқыған шығармаларындағы жағымды, жағымсыз кейіпкерлер туралы пікір алмасты.
  Жас оқырмандар «Менің атым Қожа» кітабынан сахналық көрініс көрсетті.  Шара соңында №271 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әбдіхалықова Салтанат Әбілбекқызы  балаларға жазушы шығармаларының балаларды жағымсыз қасиеттерден аулақ болып, адамгершілікке баулитын көркемдігі туралы әңгімелеп, кітап оқуға шақырды.   Шараның мақсаты:  қазақ жазушыларының есімдерімен тереңірек таныстыра отырып  отандық әдебиеттерді оқуға, кітап оқуға баулу.
20 мамыр 2024 ж. 101

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам