Тарихтан тағылым – өткенге тағзым
31- мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» тақырыбында 6 «А» сынып оқушылардың қатысуымен ауызша журнал өтті.
Журнал кіріспеден және екі беттен тұрды. Кіріспе бөлімінде балаларға 31 мамыр – Қазақ тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі – миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен алапат ашаршылықты еске алып, аза тұтатын күні екені айтылса, 1 бет- «Ашаршылық жылдары» деп аталады және бұл бетте балаларға ашаршылық жылдары туралы қысқаша мәлімет беріліп Қазақстан аумағында ГУЛАГ құрылымының ең ірі лагерлері - АЛЖИР, Степлаг, Карлаг туралы айтылды.
Журналдың 2- беті «Сыр елінің тарихи беттерінен» деп аталады, бұл бетте Алаш елінің көзі ашық біртуар ұлдары қызыл империяның саясатына қарсы тұрып, қара халықтың санасын оятуға күш салғаны және 1925-1928 жылдары алғашқы астана Қызылорда – Алаш ардақтылары туралы айтылды.
Шараның басты мақсаты оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.