Рәміздер – тәуелсіздік тұмары

      2019 жылдың 4 маусым күні  А.С.Пушкин атындағы кітапхана  С.Ысқақов атындағы  Қызылорда Құрылыс және Бизнес колледжінде ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздер – тәуелсіздік тұмары» кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесіне ұлттық мақтанышымызға айналған-рәміздеріміз жайлы жазылған әдебиеттер, мақалалар қойылып, оқырмандарға насихатталды. Атап айтқанда оқырмандар ҚР Конституциясы, үш тілде жазылған Е.Шаймерденовтың «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік рәміздері», Ш.Байкенованың «Мен Қазақстан азаматымын», «Менің Отаным тәуелсіз Қазақстан» және т.б. кітаптар және А. Жолдыбекованың «Ел рәміздері рухты шыңдайды», Ш. Уәлиханның «Тәуелсіздік нышандары», Е.Әуезовтың «Елтаңба еншім, көк байрақ көркім, әнұран рухым» атты мақалалармен тереңірек танысты. Кітап көрмесінің мақсаты – тарихи асыл мұрамызға бағаланатын мемлекеттік рәміздеріміздің терең мән-мағынасын түсіндіру арқылы жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру. Ұлттық құндылықтарымызды қастерлеп, қадірлеу болып табылды.
 
04 маусым 2019 ж. 1 038

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам