» » Ұлт үшін құрбан болған Алаш азаматтары

Ұлт үшін құрбан болған Алаш азаматтары

   Қалалық  орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алу күніне орай «Ұлт үшін құрбан болған Алаш азаматтары» тақырыбында  тарихи сағат  №257 орта мектептің 9 «А», 9 «Ә»  сынып  оқушыларының қатысуымен  өткізді. 
   Шара барысында  «Ұлт үшін құрбан болған Алаш азаматтары» атты 10 минуттық бейнебаян арқылы тағдыры тәлкек болған қазақ зиялыларымен 1932-1933 жылдардағы ашаршылық тарихы қазақ  халқын орны   толмас  қайғы - қасіреті  жайында   деректер  көрсетілді. «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» атты кітап көрмесі  бойынша  мерзімді басылым беттеріндегі жарық көрген тарихи деректі  мақалалар мен кітаптар оқырмандарға насихатталды.  
   №257 орта   мектептің  ұстаздары Құжбанова Айнұр, Алпысбай Сабыржандар қатысып оқушыларға қазақтың төл тарихындағы  қуғын-сүргін құрбаны болған қазақ зиялылары мен қайғы қасіретті   күндер туралы тарихи шыңдықты, нәубетті күндер туралы мәліметтер айтты.  Жас оқырмандар  қазақ тақырып бойынша әдебиеттерден естеліктермен деректерді оқып, таныстырды. 
   Мақсаты: Қаншама  зобалаңжылдарды бастан  кешкен ұлтымыздың  айтқан зары, кешкен  мұңы, жүріп өткен тар жолдарын оқырман қауымға насихаттай  отырып, жастарымызды  елжандылыққа,   өткенімізді ұмытпауға,   тарихымызды  зерделей  білуге   тәрбиелеу.  
     
20 мамыр 2024 ж. 128

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам