Алаш жырының ақ шағаласы

   Жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Мүлкаман  Қалауов   атындағы өнер мектебінің Ұлт-аспаптар бөлімі домбыра класының оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен, Ақ жайықтың ақ шағаласы атанған ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Алаш" Халықаралық әдеби сыйлығының иегері, Батыс Қазақстан облысыныңқұрметті азаматы, Құрмет орденінің иегері, Ақұштап Бақтыгерееваның  80 жасына орай  «Алаш жырының ақ шағаласы» атты әдеби –сазды кеш өткізді. Шараға арнайы «Ақ жайықтың ақ шағаласы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,  көрмедегі  А.Бақтыгерееваның 2001 жылы жарық көрген «Ақ шағала» атты жыр жинағы ерекше сұранысқа ие болып, ақын өмір сүрген қоғам, оның өмір жолы туралы бірсыпыра  мағлұматтар оқырман қауымға кеңінен таныстырылды. Лед экраннан  ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар ақынның өлеңдері мәнерімен жатқа оқылып, Мүлкаман Қалауов  атындағы өнер  мектебінің Ұлт - аспаптар бөлімі  домбыра  класының білім алушылары Сағатқызы Жания, Қожагелді Ақжан және домбырашылар ансамбльінің орындауында ақынның  аңызға айналған «Ана жүрегі», «Ана махаббаты» атты жырлары орындалып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.Шара соңында Мүлкаман Қалауов атындағы өнер мектебінің Ұлт-аспаптар бөлімі домбыра класының бөлім меңгерушісі Шырдаева Гүлмира Қаратайқызы , Бақтыгерееваның шығармалары поэтикалық қуатымен, тілінің шырайлылығымен қазақ поэзиясына жаңа өрнек алып келгені жайлы және де осындай өнегелі   іс-шараның жастарымызға берері мол екенін айта өтіп,кітапхана ұжымына жылы лебізін білдірді.  
   Шараның мақсаты: Ақұштап Бақтыгерееваның  ана тілге, туған жерге және жас ұрпақ тәрбиесіне талай жалынды жырлары мен сезім шерін шертер өлеңдерін насихаттау,кітапханаға оқырман тарту.

 
 
21 мамыр 2024 ж. 105

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам