«Қайдасың, Гауһар?» шығармасы

     №6 кітапхана «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында көрнекті жазушы Б. Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай оқырман көп біле бермейтін 1966 жылы жазылған «Қайдасың, Гауһар?» шығармасы бойынша оқырмандар конференциясын өткізді. Шара барысында оқырмандар Б. Серікбай, Ж. Амантай, Д. Жақсылық, Г. Ақылбек «Жәнібектің қалаға оқуға келуі», «Жәнібектің қаланың қызы Гауһармен танысуы», «Жәнібек пен Гауһардың арасында шынайы махаббат, мөлдір сезім болды ма?», «Жәнібек пен Гауһардың қосылмауының және де  Гауһардың Алматыдан кетуінің себебі неде?» деген сұрақтар төңірегінде  лирикаға толы шығарма жайлы өз ойларын ортаға салды. Шығармаға арқау болған басты кейіпкерлер Жәнібек, Гауһар, Жақанның бейнелеріне талдау жасап, мінездеме берді. Пікірлерін білдірді. 
Шараның мақсаты – жазушы шығармасы арқылы жастардың бойына шынайы, мөлдір махаббаттың қалыптасуына ықпал ету, адамгершілікке, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу, көркем сөйлеу, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Жазушының өшпес туындыларын рухани игілікке айналдыру. 
22 мамыр 2024 ж. 184

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам