Ел жадында қалған ер
Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапханада Мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Ғафур Мұхамеджановтың -100 жыл толуына орай «Ел жадында қалған ер»-атты портрет кеші өткізілді. Шара барысында Ғ.Мұхамеджановтың өнегелі өмір жолы, ерлік, мен қызметтік жолдарынан маңызды мағұлыматтар берілді.
Ғафур Мұхамеджанов үш мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Георгий Жуков», «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткені үшін ІІІ «Даңқ», І дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін» медальдарымен наградталып, еліне адал қызмет еткен жан. Соғыс және еңбек ардагері Ғафур ағамыз 1924 жылы 1 шілдеде Жаңақорған ауданында дүниеге келіп, 2007 жылы 3 наурызда өмірден озды. Шиелідегі жаңадан ашылған №270 қазақ орта мектебіне Қызылорда облысының құрметті азаматы Ғафур Мұхамеджанов есімі берілді. Сонымен бірге, Жаңақорған ауданы мен Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалауындағы көшеге Ғафур Мұхамеджановтың есімін берілді, «Жастар орталығы» жанында жарқын бейнесін жаңғыртқан тақтайша ілінді.