Дәуірдің қаралы парақтары
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай №4 кітапханада «Дәуірдің қаралы парақтары» атты тарихи сағат өткізілді. Шара барысында №112 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Байбосынова Карина оқушыларға қазақтың төл тарихындағы қуғын-сүргін құрбаны болған қазақ зиялылары жайлы, қайғы қасіретті күндер туралы тарихи шыңдықты, нәубетті күндер туралы мәліметтер айтты. Жас оқырмандар кітап көрмесімен, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам қайраткерлерінің қазақ халқына жасаған еңбектері, басынан өткен қиыншылықтары жазылған әдебиеттермен танысты.







