Ғибратты ғұмыр.
Сыр өңірін басқарып, оның дамуына елеулі үлесін қосқан мемлекет және қоғам қайраткері,Қызылорда облысының құрметті азаматы Сейілбек Шаухаманұлының туылғанына 85 жыл толуына жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада танымдық сағат өтті. Шараға арнайы «Ғибратты ғұмыр» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман қауымға кеңінен насихатталды. Шараға қатысушылар Сейілбек Шаухаманұлының кейінгі жиырма жылдың бедерінде шығармашылықпен айналысып, жарық көрген «Ер қанаты», «Алтын алма, ақыл ал», «Әуезовтың ата - тегі», «Ақ бата» атты кітаптарымен және мерзімді басылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген үзеңгілес жолдастары мен шәкірттерінің мақалалармен танысты. Шараның Мақсаты: Жастарды С. Шаухаманұлының өмір жолдарымен және де ардагерлерді құрметтеудің сара жолын салудағы өнегелі еңбегін таныстырып, шығармашылығын насихаттау.







