Шыңырау.
№5 Абай ауылдық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтің «Шыңырау» повесіне кітап талдау өткізілді.Шараға №138 Абай орта мектебінің оқушылары, мәдениет қызметкерлері қатысты.Шара барысында жиналған қауымның назарына жазушының өмірі мен шығармашылығынан мағлұматтар ұсынылып,«Шыңырау» повесі туралы кеңінен әңгіме өрбіді. Оқушылар осы шығармаларға қатысты өз ойларын ортаға салысты. «Шыңыраудағы» бас кейіпкер Еңсептің еңбекқорлығы, шөл даладағы бірден-бір су көзі болып табылатын құдықтың қадірі мен құдықшылық кәсібі, жалпы шығарманың тәрбиелік мәні туралы келелі әңгіме қозғалды. Мақсаты:Шөл даладағы халықтың тіршілігі үшін күресіп,табиғаттың терең сырларын меңгеріп,ұрпағына мирас етіп қалдырған Еңсеп секілді халық ұлдарын үлгі ету.







