Ызғарлы жылдар іздері.

 Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхананың ұйымдастыруымен  Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда Құрылыс және бизнес колледжі студенттерінің қатысуымен «Ызғарлы жылдар іздері» атты танымдық сағаты өткізілді. Тарих  пәнінің  мұғалімі Рахманбаева Асылзат Әбдімәжитқызы қатысып, 31 мамыр қуғын–сүргін құрбандарының өмір жолдарымен тереңірек таныстырып, 1932 -1933 жылдардағы қазақ еліндегі  ашаршылық зұлматы  қолдан   жасалған  құбылыс жайында тарихи ащы шындықты  жастарға қарапайым тілмен  жеткізе  білді. Шара барысында оқырмандар тақырыпқа сай «Зардабы мұңлы жаңғырық жылдар» атты кітап көрмесіне Қойгелдиев Мәмбет «Тарих  тағылымы не дейді?», Қойшыбаев  Бейбіт «Жазықсыз жапа шеккендер», Дихан Қамзабекұлы  «Алаш   және  әдебиет», Жүсіп Сағат «Ашаршылық  ақиқаты», Әсіп Сапабек «Қазақ  қасіреті», Михайлов Валерий «Ғаламат  жұт  шежересі», Әлихан Бөкейханов «Шығармалар», Манаш Қозыбаев «Ақтаңдақтар  ақиқаты», Нәубет», Михайлов Валерий «Ұлы жұттың жазбалары», Мұстафа Шоқай «Түркістанның  қилы   тағдыры»,«Алаш қозғалысы», т.б мерзімді басылым беттеріндегі жарық көрген тарихи деректі кітаптар мен танысып «Ызғарлы жылдар іздері» атты 10 минуттық бейнебаян арқылы тағдыры тәлкек болған қазақ зиялыларымен 1932- 1933 жылдардағы ашаршылық тарихы қазақ  халқын орны  толмас қайғы -  қасіреті жайында деректермен  танысты. Шараның мақсаты: Қаншама зобалаң жылдарды бастан кешкен ұлтымыздың айтқан зары,кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдарын оқырман қауымға насихаттай отырып, жастарымызды елжандылыққа, өткенімізді ұмытпауға, тарихымызды зерделей білуге тәрбиелеу.
29 мамыр 2024 ж. 111

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам