Бақытты шақ-балдәурен.
1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні, айтулы төл мерекеге орай қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапхана мен М.Ералиева атындағы мәдениет үйі бірлесіп «Бақытты шақ-балдәурен» атты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шараға «Бозторғай» хор, «Сандуғаш» және «Ақбаян» ән үйірмелері мен дәстүрлі өнерді насихаттайтын «Тәлім» жыр терме, «Балбұлақ» домбыра үйірмелерінің өнерпаздары және кітапхана оқырмандары қатысып, өнерлерін көрсетті.. Ә.Молдағұлова атындағы №173 мектептің 2 сынып оқушысы Батырхан Азиз «Мен қазақпын», Нұрболатқызы Балнұр «Ұстаз», Төлеген Айсезім «Мың алғыс әке», Төлеген Айсезім «Бозторғай ана» әндерін шырқаса, Ы.Алтынсарин атындағы№10 мектептің 5 сынып оқушылары балалық шаққа арналған тақпақтарын айтып өз өнерлерін көрсетті. Шараға Ә.Молдағұлова атындағы №173 мектептің тынығу лагеріндегі оқушылар және «Ақ білек» балабақша бүлдіршіндері қатысты. Мерекелік шараны тамашалауға келген Титов және Гагарин аймағының бүлдіршін тұрғындарына М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің ақылы қызметінен түскен қаржыға балмұздақтар таратылды.







