Елдің ертеңі – ерке балғындар.
Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты №2 балалар кітапханасында 1-маусым Балаларды қорғау күніне орай «Елдің ертеңі – ерке балғындар» атты мерекелік шара ұйымдастырылып өтті. Кітапхана оқырмандары белсенділік танытып, көрермендерге өз өнерлерін ортаға салса, «Жайна Құлыншақ» балабақшаның бұлдіршіндері мерекелік шараға өз үлестерін қосып, би билеп, ән айтып, тақпақтар оқыды. Қызылорда «Өнер» мектебінің оқушысы Олжабаев Дәулет «Мереке», «Балбырауын», күйлерін орындап, көрермендердің ризашылығына бөленді. Көрермендер арсында ойын ойнатылып, сыйлықтар берілді. Шара соңында қатысқан барлық балаларға балмұздақ пен тәтті сусындар таратылды. Шараға 140 бала қатысты.









