"Шал мен бала" шығармасы

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №11 Талдыарал ауылдық кітапханасында «Бір ел бір кітап» акциясында аясында жыл таңдауына ұсынылған Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында жазушының "Шал мен бала" шығармасы оқырмандарға таныстырылды. Шара мектеп жанынан құрылған "Балдәурен" лагерь балаларымен өткізілді. Шығарма тақыр бас баланың өз қателігін мойындап үлкен кісіге көмектесіп   шалдың үмітін ақтаған өнегелі ісі  туралы.  Жас оқырман Нұржанқызы Назым шығарманы оқушыларға толықтай мазмұнымен  айтып берді. Оқушылар Айзере Бақыт, Аяна Тағатқызы шығармадан түйген ойларымен бөлісті.   Шараның мақсаты жас жеткіншектерді  үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетіп, қарапайым және тәртіпті болуға шақыру.
30 мамыр 2024 ж. 148

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам