Балғын балалар-біздің болашағымыз.
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Жазғы кітапхана» жобасы аясында 1-маусым Балаларды қорғау күніне орай Абылайхан атындағы №140 орта мектептің бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Балғын балалар-біздің болашағымыз» атты мерекелік Бэби –шоу өтті. Шара барысында кішкентай бүлдіршіндеріміз «Балалар бұрышында» өздеріне арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысып, балаларға арналған ертегі кітаптармен, классик жазушылардың туындыларымен, халық ауыз әдебиетінің озық үлгілерімен, балаларға арналған қызықты энциклопедиялармен танысты. Сондай-ақ ,осы кітаптар төңірегінде викториналық сұрақтар қойылып, қызықты ойын өткізілді. Шара соңында сынып жетекшілері Пауадинова Назыгүл, Бедерова Базаркүл, Кенжеғараева Назиға сөз кезегін алып « Болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру, әрбір баланың тыныштығын қорғау, жақсы көңіл күй мен күлкі сыйлау барлығымыздың міндетіміз»-деп мерекелік шараны қортындылады. Шара соңында кішкентай бүлдіршіндеріміз қазақ ертегілері мен әр түрлі жанрдағы кітаптарды үйге жаздырып алды. Шараға барлығы -63 оқырман қатысты. Мақсаты:Балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу, кітапханаға оқырман тарту.







