Ғалым. Қайраткер. Ұстаз

   №6 кітапхана «Ұлылардан ұлағат» жобасы аясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргіннің құрбаны, тарихшы-ғалым, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінің ұйымдастырушысы және бірінші ректоры болған Санжар Асфендияровтың 135 жылдығына орай «Ғалым. Қайраткер. Ұстаз» атты портрет кешін өткізді. Шараға «Өркениет» медициналық колледжінің білім алушылары қатысты. Шара барысында тарихшы Н. Б. Әзімов болашақ медицина мамандарына арда азаматтың  қазақ халқының болашағы мен азаттығы жолындағы күреске толы ғибратты ғұмыр жолы мен С. Асфендияров жайлы естеліктерді айтса, кітапхана қызметкері Г. Залиева ғалым жайлы жазылған тағылымға толы «Жүз тұңғыш», «Жүз жиырма тұңғыш», «Қазақ халқының тарихи тұлғалары» және С. Асфендияровтың төрттомдық шығармалар жинағы мен ғылыми еңбектерінің мазмұнына тереңірек тоқталып, жастарды ғалымның бай шығармашылық мұрасымен танысуға, оқуға шақырды. 
30 мамыр 2024 ж. 257

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам