Тағдыр тауқыметін тартқандар.
Жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада Талсуат оңалту орталығының қызметкерлері мен кітапхана оқырмандарының қатысуымен «31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай «Тағдыр тауқыметін тартқандар» атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырылып, кітапханашы Кенжебаева Мақпал библиографиялық шолу жасады. Шолуда «Алаш қозғалысы» атты энциклопедиялық анықтамалықтарға енген Алаш қайраткерлері, Алашорда үкіметінің жетекшісі Ә.Бөкейхановтың, Алты Алаштың ардақты ұлдары, қазақтың бес арысы Ш.Құдайбердіұлының,М.Жұмабаевтың,Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, А.Байтұрсыновтың, Алаш қозғалысының төл перзенті М.Шоқайдың және тағы да басқа ұлт зиялыларының өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған кітаптар мен мерзімді басылымдар қамтылып, кітапхананың белсенді оқырмандары өздеріне қажетті ақпараттар алды.







