Зобалаң жылдар жаңғырығы.

  Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №1 кітапханада «Адал Адам» мәдени - тәрбие орталығының «Әлем ВООК» жобасы аясында 31-мамыр Ашаршылық және саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Зобалаң жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне №11 мектеп - лицейінің жоғары сынып оқушылары қатыстырылды. Кітап көрмесіне орын алған түрлі басылымдар, зерттеу материалдары, құжаттар, көркем әдеби шығармалар қойылды. Қазақ халқының тарихындағы ең қасіретті жылдар – XX ғасырдың 1921 және 1931-1933 жылдар аумағын қамтыған ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезеңін суреттеп, баяндалды. Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беріп, олардың есімдерін құрметтеуге, сондай-ақ тарихымыздың ақтаңдақ беттерінен сыр шертетін кітап көрмесімен кеңінен таныстырылды.
31 мамыр 2024 ж. 118

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам