Біз қазақпыз мың өліп, мың тірілген.
Қарауылтөбе ауылдық №7 кітапханада саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Біз қазақпыз мың өліп, мың тірілген» атты поэтикалық марафонның ұйымдастырылды. Шараның мақсаты қуғын-сүргін құрбандары жайлы тың деректермен таныстыру, отансүйгіштікке, елін жерін, тілін құрметтей білуге, еңбекқорлыққа баулу, патриоттық сезімді бойларына сіңіру. Нәубет жылдарының ащы сабақтарын ұмытпай, миллиондаған ашаршылық, саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым ету, елі үшін құрбан болған Алаш арыстарына деген құрмет сезімдерін ояту болып табылады. Қуғын-сүргін құрбандары Қазақстанда сан мыңдап саналады. Ел басына түскен нәубет ешқашан ұмытылмауы тиіс. Ол бүгінгі тәуелсіздіктің қадірін білу үшін де, болашақта сабақ алу үшін де керек. Оларды еске алу – азаматтық парыз.Қуғын-сүргін құрбандарын ұмытпай еске алып, ұрпаққа таратып, жеткізіп айтып отырса, мұндай зұлмат болмасын деген ой түйінделді. Кітап көрмесі ұйымдастырылып көрмеге шолу жасалды. Көрмеге энциклопедиялық анықтамаларға енгізілген Алаш қайраткерлері,Алашорда үкіметінің жетекшісі Ә.Бөкейхановтың, Алты Алаштың ардақты ұлдары қазақтың бес арысы Ш.Құдайбердіұлының, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, М. Дулаттың, А.Байтұрсыновтың тағы да басқа ұлт зиялылырының өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды. Шараға №179 А.Хангелдин атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі қатыстырылып қуғын-сүргін құрбандары жайлы тың деректер айтылды. Кітапхана оқырмандары Бисенбек Азиза, Ғани Дінмұхаммед, Ғани Айсұлтан,Базарбай Мейіржан,Серік Нұрсұлтан, Серік Шахсұлтан,Марат Расул т.б. жас оқырмандар А.Кіребаевтың «Азалы күн» және А.Байтұрсыновтың өлеңдерін жатқа оқыды.Шараға қатысқан оқырман саны-25







