Мемлекеттік нышандар – Тәуелсіздік белгісі.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 13 балалар кітапханасы 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Егемен елдің мәртебесі - рәміздер» атты ақпарат сағатын Әбубәкір Тыныбаев атындағы № 11мектеп – лицейдің 5 сынып оқушылардың қатысуымен өткізді.Шара барысында «Егемен елдің мәртебесі - рәміздер» атты 10 минуттық бейнебаян арқылы оқушыларға кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі болып саналатын Мемлекеттік рәміздеріміздің шығу тарихы, жайында тарихи деректер көрсетіліп, оқушылар барлығы мемлекеттік әнұранын хормен ерекше шырқады. «Мемлекеттік нышандар – Тәуелсіздік белгісі» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды. Шараның мақсаты: жас оқырмандардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Мемлекетіміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге баулу.







