Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылығым
№20 кітапханада оқырмандарды Мемлекеттік рәміздеріміздің шығу тарихымен, авторларымен таныстыру, рәміздерімізді құрметтеуге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылығым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Мемлекеттік рәміздеріміз жайлы жазылған бірнеше әдебиеттер мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар қойылып, оқырмандарға кеңінен насихатталды.







