Отбасы – өмір аясы.

  Белкөл кентіндегі №14- кітапханада  15-мамыр отбасы күніне орай – “Отбасы – өмір аясы”  атты отбасылық сайыс өткізілді. Мақсаты:Отбасы мүшелерінің ынтымағын, жанұялар арасындағы татулықты  ұштау, ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру. Сайысқа ауылдың  қадірлі де өнерлі 2 отбасы қатысып, отбасы өнегесі , өнері,   салт-дәстүрі  бойынша  сайысты.   Аталар  бұрынғы көне мақал-мәтелдерді айтса, аналарымыз өз қолынан тігілген ою-өрнектерін көрсетіп, әндерін айтты. Шараны қос бірдей ұлдары жырмен жалғастырды.1-орынды Бәйменов Сартай әкеміздің “Шаңырақ”тобы жеңіп алса, екінші орынды Сұлтанова Сұлушаш әжеміздің “Отаным”тобы алып,бағалы сыйлықтарға ие болды. Сартай әкеміз батасын беріп, алғысын айтты. Сайыс өте қызықты өтті.
15 мамыр 2024 ж. 95

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам