Бала деген бір бақыт.
Белкөл кентіндегі №14- кітапхана мен клубы бірлесіп, 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай – “Бала деген бір бақыт” атты мерекелік кеш өткізді. Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Мерекелік кешке №189 мектеп оқушылары қатысып «Бақытты балалық шақ» атты кең көлемді кітап көрмесі бойынша балаларға арналған қызықты кітаптармен танысты. Жас оқырмандар Саматұлы Данияр “Бақытты бала”әнін орындады. Әбетова Жанерке, Алпамысқызы Інжу, Ерсұлтан Ұлдана, Қуандық Диана, Рахым Динара қыздарымыз би билеп,мерекелік кеш қызықты да тартымды өтті.







