Балғын балалық шақ.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана және Мұстафа Шоқай атындағы № 187 IT мектеп – лицейінің жазғы тынығу лагерінің меңгерушісі Құндызбаева Арайлым және 1-6 сынып оқушыларымен «Reading Yard» жобасы аясында «Балғын балалық шақ » атты кітап оқу ұйымдастырылды. Жас оқырмандар О. Асқардың «Балалар әлемі», Ж.Смақовтың «Балапан », Б. Қарағызұлының «Ұлы даланың ұландары», Б. Қошым – Ноғайың « Қуыр – қуыр, қуырмаш»,Ә. Салықбайдың «Айдана мен Ақжолтай», К.Сәттібайұлының «Күнге ғашық өлкеде» атты шығармаларына қызығушылық танытып дауыстап оқыды.







