Рәміздер ел бедері.
Мемлекеттік рәміздер - еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілері. Осыған орай №5 кітапханада «Рәміздер ел бедері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға насихатталды.Көрмеге: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері .Тәуелсіздік нышандары», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы», «Қазақстан даму стратегиясы», «Менің Отаным Тәуелсіз Қазақстан»,Н.Айтұлы «Ту» және мерзімді басылым беттерінен қойылды.







