Киіз үй – биік өнер
№15 Талсуат ауылдық кітапханасында «Киіз үй – биік өнер» әдеби дайжест ұйымдастырылып, жас оқырмандар ата-бабамыздан қалған асыл мұра, ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі – киіз үй туралы мәліметтермен қанықты. Киіз үйдің күнделікті қара үй, салтанатты Орда, Отау және жорықтарда Қос болып тігілетіні айтылып, кереге, шаңырақ, уық, түндік және де басқа бөліктері таныстырылды. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», А.Амар «Көшпенділердің қысқа тарихы», «Киіз үй», «Қазақ халқының дәстүрлері: той-мереке, сауық-сайран», «Ұлттық ойын тамашалары», «Қазақстан», «Қазақтың киіз үйі», «Жеті қазына» , «Менің Отаным - Қазақстан», «Наурыз нұры» т.б. кітаптарымен қатар мерзімді басылым беттерінен мақалалар жан – жақты таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.








