Көк аспанда, желбіресін көк байрағым!
№6 кітапхана 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай әрбір азаматтың Мемлекеттік рәміздерімізге деген патриоттық сезімін нығайтып, еліміздің терең тарихы жайлы таным көкжиектерін кеңейту мақсатында «Көк аспанда, желбіресін көк байрағым!» тақырыптық кеш өткізді. №7 мектеп-лицейдің оқушылары қатысты. Оқырмандарға Мемлекеттік рәміздеріміздің құндылығы жайлы кеңінен әңгімеленіп, елдіктің, тәуелсіздіктің, мемлекеттіліктің ерекше белгісі болып табылатын Мемлекеттік рәміздеріміздің тарихы, авторлары жайлы мол мағлұматтар берілді. Сонымен қатар тұңғыш рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтың «Елтаным» атты тарихи-философиялық рәмізбаяны, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік рәміздері », Дәнеш Ахметтің «Көк тудың желбірегені», «Туыңды көтер», Алмас Ахметбекұлының «Көк тудың желбірегені», Несіпбек Айтұлының «Ту» және т.б. кітаптар мен мерзімді басылымдар таныстырылып, оқуға ұсынылды.







