Тарылтпайық табиғаттың тынысын.
Ж.Маханбетов ауылдық № 8 кітапхананың ұйымдастыруымен «Жазғы кітапхана» және «Адал адам» мәдени – тәрбие орталығы «Әлем ВООК» жобасы аясында 5- маусым Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Тарылтпайық табиғаттың тынысын» атты экосағаты № 143 мектеп жанындағы «Болашақ» жазғы тынығу лагерінің балаларының қатысуымен өткізілді. Шара барысында жас оқырмандар табиғатқа қамқорлық туралы өз ойларын және мақал-мәтелдер айтып, ақын-жазушылардың өлеңдерін жатқа оқыды. Шараның мақсаты: Оқушылырға әлемдегі тіршіліктің негізі Күн, Жер, су, ауа және туған жер, атамекен, табиғат ұғымдарының бір-біріне мағыналас екенін түсіндіру, табиғат жөнінде білімдерін, түсінігін жетілдіру. Еліміздің табиғатына деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, аяушылыққа, мейірімділікке, Отанды сүюге қадірлеуге тәрбиелеу.







