Бау- бақшаны қалай күту керек
№6 кітапханада №7 мектептің оқушыларыменен «Бау- бақшаны қалай күту керек» тақырыбында қызықты хабарлама сағаты өткізілді. «Бақшаға да бап керек» атты кітап көрмесін ұйымдастырылып жұлдызнама бойынша бау-бақша өсірудің құпиялары мен сапалы өнім алудың әдіс-тәсілдері туралы жазылған кітаптарға шолу жасады. Оқырмандар бақша шаруашылығы, гүл өсіру, тіпті саяжайдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы жаңадан шыққан кітап, журналдармен танысты. Сонымен қатар көрмеден орын алған «Жас бағбанға көмекші», «Жеміс пен жидек», «Өсімдік-жанға шипа, дертке дауа», «Қазақстанның қауын, қарбызы», «Жасыл аптека», «Помидор мен қияр өсіру», «Үй өсімдіктері» т.б балаларға арналған ағылшын, орыс, қазақ тіліндегі суретті ойын кітаптарын қызыға көрді.









