Экология – бүкіл әлем тағдыры.

 5 маусым – дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және экологтар күніне орай А.С. Пушкин атындағы орталық кітапханада «Экология – бүкіл әлем тағдыры» атты эко – ақпарат  сағаты өткізілді. Өскелең ұрпақты адамның табиғатқа әсерінің салдарымен, қазіргі кезеңде шешуді қажет ететін экологиялық мәселелермен таныстырып ақпарат беру, кітап қорындағы экология тақырыбына арналған әдебиеттер арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге ықпал ету. Адамның өмір сүруі экологияға байланысты, экология қоғам алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге қабілетті. Экология негіздерін білу қоғамға өмірді дұрыс құруға, табиғаттың бір бөлігі сияқты сезінуге және жайлы орта үшін күресуге көмектеседі. Шара барысында оқырмандарға экологиялық жүйелер қалай дамып, жұмыс істейтіні туралы, жалпы адам денсаулығын сақтау үшін жер ресурстарын дұрыс қолдана білу керектігі жайлы ақпарат беріліп, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырылды.
 
07 маусым 2024 ж. 62

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам