Қазақтың тұңғыш академигі.

  А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада көрнекті ғалым-геолог, Қазақстан ғылымын ұйымдастырушы, тұңғыш академик, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті, Қазақстанның геологиялық мектебі мен металлогениясының негізін салушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған  «Қазақтың тұңғыш академигі» атты портрет кеші өткізілді. Мақсаты: Өскелең ұрпаққа ғалым-геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен еңбектері туралы ақпарат беру, кітап қорындағы әдебиеттерді насихаттау. Әрбір адамды, тұтас халықты ғұмыр бойы алға жетелейтін, тағдыр мен тарихтың бұралаң жолдарында қандай қиындықтарға тап болса да рухы мен үміті жанып, алыстан бағдар сілтеп жымыңдайтын да тұратын Темірқазық сынды жұлдыз тұлғалар болады. Қазіргі кез келген қазақ баласы үшін, барша қазақ халқы, тіпті бүкіл адамзат ұрпағы үшін Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сондай тұлға. Шара барысында оқырмандарға  Қ.Сәтбаевтың өмірі мен ғылым бағытында жасаған еңбектері таныстырылды, сонымен қатар ғалымның  еуропалық ғұла­малардың өзімен пікір таластырып, геологиядағы металлогения ғылы­мы­­ның негізін қалыптастырған, сөй­тіп химия ғылымындағы Менде­леев­тің периодтық жүйесі сынды Қазақстанның металлогениялық картасын тұңғыш рет жасап, соның негізінде бізге белгісіз жаңа пайдалы қазбаларды ашуға көмектесетін, кемел ақыл-парасатымен әлем­дік өркениетке өшпес үлес қосып кеткен феномен тұлғаның дүние­та­ным­ы, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері туралы толықтай ақпарат беріліп, жас түлек оқырмандар Қ.Сәтбаевтың өмірі мен қызметіне  қызығушылық танытып,  алдағы уақытта   мамандық таңдап, оқу орындарына түсуге септігін тигізері анық деп айтып өтті. Сонымен бірге шараға арнайы Қ.Сәтбаевтың өмірі мен қызметіне арналған  «Ғылымның ғұлама басшысы» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
14 маусым 2024 ж. 154

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам