Қазақ фольклорының інжу- маржаны.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырының тұңғыш кітап болып басылып шыққанына 130 жыл толуына орай «Қазақ фольклорының інжу- маржаны» атты лирика сағаты №197 мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. «Қыз Жібек» – лиро- эпостық жыр. «Қыз Жібек» жырында қазақ халқының өмірі, тұрмысы, кәсіп-тіршіліктері, салт- санасы, ерлік істері мен арман-мақсаты қызғылықты әрі көркем жырланады. Лирика сағатының қонақтары қалалық оқушылар сарайының жыр сыныбының ұстазы Мөлдір Тулебаева балаларға "Қыз Жібек" жырының мағынасы туралы кеңінен әңгімеледі. Шәкірті Бейбітшілікқызы Айбибі өнерін ортаға салып, жыр жырлады. Оқырмандар «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырынан мол мағлұмат алып, өз ойларын ортаға салды. Кеш оқырмандарға қызықты да әсерлі өтті. Мақсаты: жастарды қазақтың әдет-ғұрпы,салт-дәстүрін құрметтеуге, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, ұлт жандылыққа баулу.







