Саятшылық құстар.
Қалалық № 20 кітапхананың ұйымдастыруымен «Жазғы кітап» жобасы аясында «Саятшылық құстар» атты таным сағаты болып өтті. Шараға «АйДиана» бала бақшасының « Балдырған» тобының балалары қатысты. Балаларға құстардың түрлері мен ерекшеліктері туралы мәліметтер айтылып оларға қамқорлық жасап қорғау керек екені түсіндірілді. Жалпы саятшылық құстар тобына 260- тан астам құс түрлері кіреді. Саятшылық құстардың көпшілігінің денесі ірі, тұмсығы қатты, сирақтары балғадай күшті болып келеді. Құстар туралы әдебиеттерден саятшылық құстардың түрлері таныстырылды. Шараның мақсаты: кішкентай бүлдіршіндерге табиғаттың бір бөлшегі саналатын құстар туралы мілімет беру.







