Денсаулық - елдің байлығы.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапханада Мұстафа Шоқай атындағы № 187 IT мектеп- лицей оқушыларының қатысуымен «Денсаулық - елдің байлығы» атты денсаулық сағаты өткізілді. Жас оқырмандарға адам өміріндегі басты құндылық – денсаулық екендігі, салауатты өмір салты – бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс –әрекет екендігі туралы айтылды. Сол себептен де балалар ата –анамыздың айтқандарына құлақ асып денімізбен жан саулығына кішкентай кезімізден мән беру керектігі айтылып,денсаулыққа, спортқа байланысты әдебиеттер таныстырылды. Шараның мақсаты: «Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса керек. Себебі дені сау адам – мемлекетіміздің басты капиталы болып саналады. Спортпен және дұрыс тамақтанудың арқасында деніміз сау , ал өздеріңіз шымыр боласыздар оқушылар осы нәрсені естен шығармау керек.







