Табиғат сұлулық пен әсемдікке тәрбелейді.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында «Табиғат ғажайыптары» атты кітап көрмесі Тасбөгет кентінде орналасқан Ә. Тыныбаев атындағы №11 мектеп - лицейдің 5 «А» сынып оқушылардың қатысуымен өткізілді. Шара барысында «Табиғат сұлулық пен әсемдікке тәрбелейді» атты тақырыпта 10 минуттық бейнебаян арқылы табиғат ғажайыптарын әсемдігін, орман – даласы аң - құсқа толы, қойнауы толған пайдалы табиғи қазба ел байлықтары, келешек ұрпақтың сәулетті өмірінің сәні мен мәні екенін түсіну арқылы, өзіміз өмір сүріп отырған қоршаған ортадағы табиғат нысандары мен тірі ағзаларды қорғап, қадірлеп, табиғатқа жауапкешілікпен қарауға міндетті екенін оқушылар ұғынды.«Табиғат ғажайыптары» тақырыбындаы кітап көрмесіне анықтамалықтар, энциклопедия, түрлі қызықты кітаптар қойылып таныстырылды.







