Бізге беймәлім Барсакелмес қорығы.
№6 кітапхана «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында тарихы терең, жаһандық масштабтағы экологиялық апат аймағында орналасқан әлемдегі жалғыз «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығының 85 жылдығына орай «Бізге беймәлім Барсакелмес қорығы» атты танымдық сағат өткізді. Шараға қатысқан кітапхананың жас оқырмандарына қорықтың атауы не себепті «Барсакелмес» деп аталып кеткен тарихы, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне өте бай, сирек кездесетін флорасы мен фаунасы және де Барсакелместің символы болып саналатын, дүниежүзілік «Қызыл кітапқа» енгізілген – құлан жануары жайлы мол мәліметтер айтылды. Шараның мақсаты – жас оқырмандарға Барсакелмес қорығы жайлы мәліметтер ұсыну, таным көкжиектерін арттыру, табиғатты сүюге, қамқор, жанашыр болуға тәрбиелеу.







