Менің сүйікті кітабым.

№6 кітапхана «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында жас оқырмандардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал жасау, кітап оқыту арқылы адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеп, таным көкжиектерін арттырып, ой-өрістерін кеңейту мақсатында К. Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гимназиясының «Балдәурен» күндізгі тынығу лагері демалушыларына арнап «Менің сүйікті кітабым» атты кітап оқу марафонын ұйымдастырды. Шара барысында жас оқырмандар өздері оқыған Б. Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», Е. Сейдахметтің «Жалқау құмырсқа», С. Хасанның «Күшті бала», Ж. Шағатайдың «Бірінші сыныптың баласы», «Қазақ халық ертегілері»,  «Күн астындағы Күнікей қыз» кітаптары жайлы өз әсерлерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды. Достарымен кітап алмасып, жазғы демалыста кітап оқып, уақытты көңілді өткізетіндіктерін жеткізді. Балалар жазушыларының шығармашылығы жайлы әдеби ойынға қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
17 маусым 2024 ж. 125

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам