» » Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес...

Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес...

      А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада   орыс халқының ұлы ақыны А.С.Пушкиннің 220 жылдық мерейтойына арналған «Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес...» атты  әдеби лото өткізілді. Әдеби лото барысында кітапхананың белсенді оқырмандары  Г.Әлиева, Б.Мақашев, А.Айтбаева, С. Баратов, С.Смирнова, Г.Завялова  ақынның қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аударылған: «Цыгане», «Анчар», «Я помню чудное мгновенье...», «Дон», «Узник», «Няне», «Храни меня мой талисман», «Письмо Татьяны к Онегину», «Памятник» және т.б. өлеңдерінен берілген тапсырмаларды тез, жылдам орындап, ақын шығармаларын өте жақсы білетіндерін байқатты. Сонымен бірге шараға қатысушылар «Пушкин – халықтар достығының алтын көпірі» атты арнайы дайындалған кітап көрмесімен танысып, өздеріне қажетті ақпараттар алды.
06 маусым 2019 ж. 1 231

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам