Кітаппен бірге әлемді танимыз.
Талдыарал ауылдық №11 кітапханасында «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында №215 мектеп жанынан құрылған «Мұрагер» өнер үйірмесінің балаларымен «Кітаппен бірге әлемді танимыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды. Шараның мақсаты жас оқырмандардың жазғы демалысын тиімді өткізу, жастарды кітапқұмарлыққа тәрбиелеу және кітап оқудың пайдасы жайлы ақпараттар беріп кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Көрме бойынша жас оқырмандар қазақ, әлем жазушыларының қызықты әдебиеттерімен, табиғат ғажаптарымен қатар шытырман оқиғалы кітаптармен, ертегілермен танысты.







