Керқұла атты Кендебай.
Қарауылтөбе ауылдық №7 кітапханасының ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем -Воок» жобасы аясында және оқушылардың жазғы демалысын, тиімді пайдалану мақсатында "Керқұла атты Кендебай" ертегісін дауыстап оқу ұйымдастырылды. Шара барысында жас оқырмандарға ертегі бойынша Кендебай бейнесін аша отырып, кейіпкерлер туралы түсінік берілді. Шараның мақсаты: Кендебай бейнесі арқылы адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Жас оқырмандардың бойына ерлік, батылдық қасиеттерді дәріптеу.Мәтінмен жұмыс істеуге, өз пікірін қорғауға дағдыландыру.







