Мирас болған мол мұра.

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана Қалалық  қосымша   білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп  «Zhazgy time»   лагерьдің   жас  бүлдіршіндерімен Әбілхан Қастеевтің  туғанына 120 жыл толуына орай  «Мирас   болған мол мұра» атты танымдық әңгіме өткізді. Әбілхан Қастеев – қазақтың әйгілі кескіндемешісі,   график- суретші,  қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Қазақ  бейнелеу  өнерін, әрине Ә.Қастеевсіз  көз алдымызға елестету мүмкін емес.  Ә.Қастеев – қазақ мәдениетінің  таным тарихы мен рухани тарихтың майталманы. Оқушылардың қазақтың тұңғыш суретшісі Әбілхан   Қастеев туралы білімдерін толықтырып, суретшінің қыл қаламынан  туған шығармаларымен таныстыру,  ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәлім тәрбие мен  кітап  оқуға деген сүйіспеншілікті арттыру. Ұлы суреткердің  әрбір шығармасы – бір әлем  Кітап қорындағы суретші шығармасына арналған кітаптардан «Түрксіб», «Қарындасымның портреті»,  «Көкшіл түсті көйлек киген қыз»,  «Мектепке бару»   сынды көркем суреттері, туындылары  таныстырылды. 
19 маусым 2024 ж. 118

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам