Кітап-қала.

   Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен  «Кітап-қала» атты әдеби-сазды кеш«Қаламгерлер аллеясында» жаңаша форматта өткізілді. Аллеяда «Шежірелі – Туған өлкем»  кітап көрмесінің таныстырылымы өткізілді. Шара мәдениет бөлімі әншісі  Әзімхан Төлегеновтың орындауындағы  «Алаш ұраны» әнімен басталып, Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық - акедемиялық драма театрының әртістері қазақ  зиялылары  Әлихан Бөкейхан, Мағжан Жұмабай, Міржақып Дулатұлы, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлының  образындарын сомдауымен басталды. Аймақ басшысының бастамасымен биылғы жылды «Руханият жылы» деп жариялануына орай өткізілген «Кітап - қала» атты әдеби сазды кештің алғашқы сөз кезегі  Қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлына беріліп, кітап атты ғаламаттың ұлылығы туралы, кітап оқымай нағыз тұлға болып қалыптасудың мүмкін еместігі  туралы келелі әңгіме айтып,жастарды кітап оқуға шақырды. Шоқ жұлдыздай жарқырап әдебиет көгіне өзіндік өрнегімен  көтеріліп келе жатқан өлкеміздің жас ақындарына кезек беріліп, жас ақындар  Айдар Сайлауов,  Аружан Оралбай, Дина Бөкебай, Бексұлтан Санақұл, Нұргұл Төлеубай, Жансая Қожас, Ұлықбек Бектай жүрекжарды жырларын оқып, көрермендер сүйіспеншілігіне бөленді. 
 
18 маусым 2024 ж. 102

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам