Кітаппен өткен жаз қызық.
Ақжарма ауылдық №9 кітапхананың ұйымдастыруымен Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы «Әлем BOOK» жобасы аясында «Кітаппен өткен жаз қызық» атты кітапханаға ойын -саяхат тұйымдастырылды. «Балдаурен» күндізгі тынығу лагерінің балаларымен өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарға ертегілер, шытырман оқиғаларға толы, соның ішінде достық, мектеп, оқу-білім туралы кітаптар және танымдық энцеклопедиядан қызықты мағұлыматтармен таныстырылды.Шара барысында сұрақ- жауап ойыны ойнатылды. Шара мақсаты кішкентай оқырмандардың өз Отанын сүюге деген құштарлығын насихат ете отырып, уақыттарын қызықты өтуіне септігін тигізу., кітап оқуға баулу. Шарада оқырмандар өз ойларымен бөлісіп, кітапханаға жиі келуге қызығушылық танытты.







