Әжемнің ертегілері.
Балалардың танымдық қабілетін арттыру, адамгершілік пен шындыққа, қайырымдылық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында, орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 17 Қызылжарма ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Адал Адам» мәдени-тәрбие орталығында «Әлем ВООК» бағыты бойынша «Әжемнің ертегілері» атты әдеби кеш өткізілді. Шара барысында ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен анимациялық көрініс көрсетіліп, ертегі кейіпкерлеріне дубляж жасалды. Халқымыздың ауыз әдебиетіндегі ең бай асыл мұраларының бірі – ертегі туралы кеңінен айтылып, «Ертегімен есейем» атты кітап көрмесіндегі балаларға арналған таңдаулы өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар,ертегілер мен тартымды жыр тақпақтар кеңінен насихатталып, оқырмандардың ерекше сұранысына ие болды.Кітапхананың белсенді оқырмандары, «Руханият»оқырмандар клубының мүшелері Қалыбек Динара мен Дарушхан Мануар ертегі кейіпкерлерінің кейпін нақты сомдап, ертегіге деген қызығушылығын оятуға балаларға өте қызықты «Су жүрек қоян», «Екі әтеш», «Мақта қыз бен мысық», «Тазша бала» тағы да басқа ертегілердің мазмұнын айтып, өзара пікір алмасты. Шараның мақсаты: Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні мен маңызы жайында кішкентай бүлдіршіндерімізге айтып түсіндіру, танымдық қабілетін арттыру, адамгершілік пен шындыққа тәрбиелеу.







