Әйнек неден жасалады?

  Жүйеге қарасты №17 кітапханада «Жазғы кітапхана» бағдарламасы аясында балаларға қызықты ақпарат беру мақсатында «Әйнек неден жасалады?» атты қызықты хабарлама сағаты өтті. Шара барысында оқырмандар әйнектің адамдар үшін ең маңызды қасиеттері және де  ХХ ғасырдағы әйнек  өнеркәсібінің маңыздылығы туралы, шынының құрылыста, тамақ және химиялық ыдыстар жасауда кеңінен пайдаланылатыны жайлы қызықты ақпараттармен танысты. Кітапхананың белсенді  оқырмандары, С.Әлжіков атындағы №144 мектептің 6 сынып оқушылары Камал Нүрбибі мен Өміртай Еркеназ, әйнек туралы өздерінің дайындаған  өте қызықты ақпараттарымен  бөлісті. Әйнек ең бастапқыда қымбат бағалы әшекей бұйымдар жасауға, рюмка, гүл тұғыры, иіссудың құтысы сияқты жерлерде ғана пайдаланылып келгені жайлы және де  XIV ғасырға келгенде ол қарапайым материалға айналып, көптеген тәсілдермен мәнерленіп, күнделікті тұрмысқа қажеттінің бәріне жарамды дүниеге айналғаны туралы айтып берді.Шара өте қызықты, тартымды өтті.Қатысушылар қызықты ақпарат алып қайтты. Барлығы шараға - 11 оқырман қатысты.
01 шілде 2024 ж. 133

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам