Күй – ғасырлар үні.

  Қоғамды-ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында шілденің бірінші жексенбісін Ұлттық домбыра күні ретінде белгіледі. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деген Қадыр Мырза Әлінің сөзін ұран еткен халқымыздың көңіл төрінде домбыраның орны ерекше. Ұлттық домбыра  күніне орай, №3 кітапхана мен М.Ералиева атындағы мәдениет үйі бірлесіп «Күй – ғасырлар үні» атты күй сағаты өткзілді. Ұлы мұрамызды ұлықтайтын шараға мәдениет үйінің «Балбұлақ» және «Тәлім» жыр-терме үйірмелерінің өнерпаздары қатысып, күмбірлеген күймен ерекше әсерге бөледі. Қазақтың белгілі күйшілері Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», «Адай», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін тебіренте орындаса, «Тәлім» жыр-терме үйрмесінің өнерпаздары Нұртуғанның «Қанекей, тілім сөйлеші», Наурызбайдың «Сөз сөйлесін термеден» термелерінен шашу шашты. Шара барысында: Домбыра көшпелі елдің көне шежіресі, қазыналы қарияның көкірек күйі, оның қазақ халқының тарихымен тағдырлас екендігін дәріптеу мақсатында «Домбыра – қазақ халқының мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға наихатталды.
01 шілде 2024 ж. 116

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам