Қазағымның қазынасы - домбыра.

 Қалалық жүйеге қарасты № 16 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен  Ұлттық  Домбыра күніне орай «Қазағымның қазынасы - домбыра» атты танымдық сағат өткізілді. Домбыра –  қазақ халқының  қасиетті қазынасы, ең көп тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы.  Қазақ  ежелден   қуаныш пен қайғыны, жақсылық   пен  жамандықты қара домбыраның үнімен жеткізген, қазақтың тарихын, салт-дәстүрін баяндаған. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған, кейін күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын , мүмкіндігі кең аспап болып табылады. Шараға «Жәния» өнер мектебінің оқушылары қатысты. Кітапханашы Ұлттық домбыра күнінің маңыздылығына тоқтала келіп, домбыраның шығу тарихы, құрылысы жайлы мәліметтер берілді. Кітапхана қорындағы домбыра өнері, домбыра тартып үйрену туралы, атақты күйшілер жайлы жазылған кітаптармен таныстырып,  қатысушылар   «Балбырауын», «Адай» күйлерін тартты. Мақсаты: Жас оқырмандарға домбыра аспабының тарихымен таныстыру, Ұлттық домбыра күнінің маңыздылығын түсіндіру, қасиетті домбыраны ұлықтау.

01 шілде 2024 ж. 240

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам