Орман құпиялары.
Жүйеге қарасты №13 балалар кітапханасында «Орман құпиялары» тақырыбындағы қызықты ақпарат сағаты Әбубәкір Тыныбаев атындағы №11 мектеп – лицейдің 11 сынып оқушылардың қатысуымен өткізілді.Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішіндегі өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір – біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Орманда ағаш бұта шөптесін өсімдіктер, мүк, қына, т.б. өседі. Орман қорлары бүкіл биосферадағы тіршілік үшін, оның ішінде адамзат қоғамы үшін аса маңызды. Ормандар - ең алдымен адамның денсаулығына пайдалы. Орман - тоғай – баға жетпес табиғат қазынасы, халық байлығы. Орманды жерлерде қорықтар ұйымдастырылып, оларды ағаш кесуге, жанарларды аулауға қатаң тыйым салынған. Шара барысында қоршаған ортаны ормандар таза ауамен, баспанамен, азық– түлікпен, дәрі – дәрмектермен, қамтамасыз етіп, адамзаттқа қажетті қызыметтерді ұсынатындығы, табиғи апаттардан қорғайтындығы туралы айтылды. Орманда өсетін өсімдіктердің, ағаштың, жан-жануар, аңдардың түрлері таныстырылды. Мақсаты: Кітапхана оқырмандарына орманның жалпы адамзат тіршілігі үшін, табиғат үшін, өсімдіктер мен жануарлар үшін пайдасын жете түсіндіру.







